Электр энергиясына арналған шекті тарифті бекіту: өзгерістер енгізілді

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 12:23 Фото: unsplash
Энергетика министрі 2026 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен электр энергиясына арналған шекті тарифті және электр қуатының дайындығын қолдау қызметіне арналған шекті тарифті бекіту қағидаларына толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар мынадай тармақпен толықтырылды: уәкілетті орган электр энергиясына арналған шекті тарифті жеті жылдық кезеңге айқындау кезінде, сондай-ақ электр энергиясына арналған шекті тарифті кейінгі жылдарға түзету барысында, электр энергиясына арналған шекті тарифтерге тиісті өзгерістерді бекітпес бұрын, оларды Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қарауына жібереді.

Бұйрық 2026 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: