Қазақстанда жылу энергиясын есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Алматинская ТЭЦ-2, Алматинская ТЭЦ 2, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 10:07 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бірлескен бұйрығымен жылу энергиясы мен жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мынадай ұғым қолданысқа енгізіледі:

Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның цифрлық жүйесі.

Сонымен қатар, жылу энергиясын есепке алу аспаптары көрсеткіштерді автоматты режимде жылумен жабдықтау субъектісінің серверіне жіберетін құрылғылармен бірге жобаланып, орнатылатыны нақтыланды. Кейін бұл деректер уәкілетті органның цифрлық жүйесіне жолданады.

Жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері өздерінің жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен ықпалдастырып, оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу процесіне қатысатын субъектілердің ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеу қағидаларымен айқындалады.

Бұйрықтың негізгі ережелері 2026 жылғы 17 шілдеден бастап күшіне енеді. Жекелеген тармақтар үшін өзге мерзімдер белгіленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: