Бишімбаевтың ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік марапаттарға ие болды
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Республика күнін мерекелеу құрметіне Бас прокуратурада салтанатты жиналыс өтті. Онда органның бірқатар қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, марапатталғандардың арасында экс министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, бұрын – соңды болмаған танымалдылыққа ие болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те болды.
"Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталды...Президенттің жарлығымен Аймағанова Айжан мен Нұрбеков Саяхат "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды", – деп нақтылады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сурет: Telegram/GenPr
2024 жылдың 15 шілдесінде Айжан Аймағанованың дәрежесі көтеріліп, жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript