Қазақстанның БРИКС елдерімен сауда-саттығы Еуроодақпен сауда-саттықтан асып түсті

Қазақстанның БРИКС елдерімен сауда-саттығы Еуропалық одақпен сауда-саттықтан асып түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 16:54 Сурет: wikimedia
Қазақстан БРИКС елдерімен өзара қарым-қатынасты арттыруда. Тек өткен, 2023 жылы ҚР мен БРИКС-ке кіретін 9 елдің тауар айналымы 70 миллиард АҚШ долларынан асты. Рас, мұндағы тауар айналымының ең көп үлесі екі елге – Қытай мен Ресейге тиесілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ҚХР мен РФ-ның Қазақстаннан экспорттағы жалпы үлесі 2024 жылғы қаңтар – тамызда 29,5%-ды, ал импорттағы жалпы үлесі 54,3%-ды құрады.

БРИКС-ке мүше басқа елдерге келетін болсақ, 2024 жылғы қаңтар-тамызда БРИКС елдерімен сыртқы сауда айналымының үлесі 41,9%-ды құрады, барлығы 39 млрд долларға жуық.

Елдер бойынша біздің тауар айналымымыз келесідей (млн. доллар):

  • Бразилия-158,6
  • Египет-112.1
  • Үндістан-789.1
  • Иран-177
  • Қытай-19274,2
  • БАӘ-181
  • Ресей-17229,5
  • Эфиопия-453,6
  • Оңтүстік Африка-26,7.

Айта кетейік, 2023 жылдың 11 айында Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналымын 38 млрд доллар шамасында бағалады.

Еске салайық, 22-24 қазанда Қазанда (Татарстан) БРИКС саммиті жаңа құрамда өтуде. БРИКС-ке мүше елдер саны 2024 жылы онға жетті: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, Египет, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: