Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді

Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 21:53 Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Республика күні қарсаңында арыстықтар көптен күткен қуанышқа кенелді. Қалада орналасқан ескі қазандықтардың орнына табиғи газбен жұмыс істейтін заманауи қондырғылар орнатылып, қала халқы жаңартылған жылу жүйесіне қосылды.

Жергілікті тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы барып, қала басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге "Орталық қазандықтың" жұмыс барысын бақылады. Жаңадан орнатылған қазандықтардың технологиялық процестері толығымен автоматтандырылған.

Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 21:53

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Жобаның жалпы құны 513 млн. теңгені құрайды. Мұнда ART Boilers БМКГ-13957 модульдік қазандығы орнатылған. Ол табиғи газбен де, дизель отынымен де жұмыс жасайды. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен қазандыққа дейін 4,7 шақырым газ құбыры тартылды

Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 21:53

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Зұлпыхар Жолдасов бұл жобаның қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын және экологияға оң әсерін тигізетінін атап өтті. Жылу жүйесінің газға көшуі тұрғындарға қолайлы жағдай туғызатынын жеткізді.

Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 21:53

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Айта кетейік, "Арыс жылу" мекемесі арқылы қазіргі таңда 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіліп отыр.

Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 21:53

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі

Арыстықтар ұлттық мерекені қос қуанышпен тойлады. Мереке қарсаңында қала орталығындағы Әуесхан Салықбаев көшесінің тұрғындарына табиғи газ берілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен қала әкімі алғашқылардың бірі болып "көгілдір отынға" қосылған Тәлебиевтер әулетіне арнайы барып, ізгі тілектерін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: