Талғардағы изолятордан қашып кеткен күдіктінің ұсталған сәтінен бейне пайда болды
Фото: pxhere
Бүгін, 2024 жылғы 25 қазанда тәртіп сақшылары Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктінің ұсталғаны туралы мәлімдеді. Ол Тереңқара ауылының шетінде тұтқындалды. Кейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейне пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдіктінің табылғаны 25 қазанда белгілі болды.
Бейненің жазбасында келесідей сипаттама берілген.
"Ұсталған адам зорлауға кінәлі емес екенін және қолы сынғанын айтты".
Бейнеде балағат сөздер бар!
Сондай-ақ, күдіктінің қозғалысын көрсететін дрон кадрлары жарияланды.
"Оны дүкеннің жанында байқап қалған. Содан кейін полиция іздеу шараларына дрон қосты. Бейнеролик ауыл тобына тасталды", — деді жергілікті тұрғын Сабыр Шоған.
2024 жылғы 22 қазанда Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен, зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азаматқа іздеу жарияланған болатын. 25 қазанда күдіктінің Тереңқара ауылының шетінде ұсталғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript