Алматы полициясы айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен күдіктінің жеке басын ашты
Фото: Zakon.kz
Алматы полицейлері 2024 жылғы 4 желтоқсан күні кешке айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен ер адамды іздеуде. Тәртіп сақшылары күдіктінің фотосуреттін жариялап, жеке басын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 желтоқсан күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, қашып кеткен 1996 жылы туған К.Е.Аубакри екені белгілі болды.
Сурет: Алматы ПД баспасөз қызметі
Іздеудегі адамның белгілері: бойы 165-170 см, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрыны қисық.
"К.Е.Аубакридің қайда екендігі туралы білетіндердің барлығынан мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102".Алматы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін полиция алматылықтардың жиі жол беретін 6 заң бұзушылықты атағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript