Алматыда Республика күнінде өтетін дрондар шоуын екі алаңнан тамашалауға болады

Алматыда Республика күнінде өтетін дрондар шоуы: екі алаңнан тамашалауға болады , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 15:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 25 қазан күні Республика Сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда сағат 21:00-де дрондар шоуы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, ғажап қойылымды қаланың екі алаңында әртүрлі уақытта тамашалауға болады.

Тағы бір шоуы Астана алаңында сағат 21:30-да өтеді. Айта кету керек, ҚБТУ алдында басқа іс-шаралар жоспарланбаған.

"500-ден астам дрон синхронды түрде аспанға көтеріліп, ұлттық мәдениеттің элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін визуалды 3D кескіндерін жасайды. Жарық қондырғылары ұлттық бірлік пен мақтаныш рухына баса назар аудара отырып, музыкалық шығармалармен сүйемелденеді".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, шоудың басталуына дейін Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін сағат 21:20-дан 22:00-ге дейін жартылай және уақытша жабылатындығы ескертілді.

Бұдан бөлек сағат 20:00-де "Көктөбе" телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: