Итті тірідей өртеп жіберді: Атырауда жануарға қатігездік өрсеткен екі адам сотталды
Айыпталушылардың біреуі кәмелет жасына толмаған.
Сотпен анықталды:
2024 жылдың жаз айында сотталушылар өзара сөз байласу арқылы көшеден ит жануарын ұстап алып, оны бағанаға байлаған. Сотталушының бірі иттің үстіне жанар-жағар май құйып, өртеген, ал екіншісі ит жануарын темірмен бірнеше рет ұрып, нәтижесінде жануардың өліміне әкеп соққан.
"Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық өз дәлелін тапты. Сондай-ақ, сотталушылар ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды",- делінген сот ақпаратында.
Сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар — шын жүректен өкінуі, жастығы және бұрын сотты болмағандары, сондай-ақ жазасын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріле отырып, оларға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Бұған дейін Саран қаласының әкімі мен ТКШ басқармасының басшысы жылыту жүйесіндегі ақаулық үшін жазаланғаны хабарланған болатын.