Еліміздегі тозығы жеткен жолаушылар вагондары мәселесінің шешімі табылды
Фото: primeminister.kz
Қазақстанда тозған жолаушылар вагондары мәселесін шешу үшін екі кәсіпорында 2030 жылға дейін 800 вагон шығару жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов 29 қазанда өткен Үкімет отырысында айтқандай, 2030 жылға дейін елімізде 800-ден астам тозған жолаушылар вагондарының қызмет ету мерзімі бойынша пайдаланудан шығару күтілуде. Ол өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.
"Жолаушылар вагондары және жарақтандыру бүгінде өте өзекті мәселе болып тұр. 2025 жылдан бастап Астанадағы "Стадлер Қазақстан" зауытында жолаушылар вагондарының өндірісі басталады, ол 2030 жылға дейін 500 бірліктен астам жолаушылар вагондарын шығаруды қамтамасыз етеді. Сондай – ақ, Петропавлда ЗИКСТО кәсіпорны бар, осы кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған қуаты есебінен 300-ге жуық вагон өндірілетін болады", — деп жауап берді Қанат Шарлапаев.
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда 122 жолаушылар вагонын шығару жоспарлануда, 2023 жылы 106 бірлік вагон шығарылды.
Бұған дейін автожол саласында жүйелі жемқорлық тәуекелдері анықталғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript