Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 17:07 Сурет: pexels
Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

1-учаске:

30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қажымұқан көшесінің 22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады. 

2-учаске:

30 қазанда сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады. 


"Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз".Алматы әкімдігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: