Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Уақытша қолайсыздық, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 20:10 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласында Абай даңғылының оңтүстік және солтүстік бөлігі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жоғарғы асфальт жабындысын алу үшін 16-20 маусым аралығында күндізгі уақытта сағ. 08:00 мен 19:00 аралығында Абай даңғылының Өтеген батыр көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі оңтүстік және солтүстік бөліктерінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектелетін болады.⠀

Дәл осы аралықтың оңтүстік бөлігіне жаңа асфальт жабындысын төсеу үшін 20 маусымнан 21 маусымға қараған түні сағ.23:00 мен 06:00 аралығында, ал солтүстік бөлігіне жаңа асфальт жабындысын төсеу үшін 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні сағ.23:00 мен 06:00 аралығында көлік жүрісі толық шектеледі.⠀

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: