Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Zakon.kz
Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, шектеу Луганский көшесі мен Армянская көшесінің қиылысынан бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі арқылы Esentai Mall автотұрағына дейін орташа қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Осыған байланысты Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеу тек жеке көліктерге ғана емес, қоғамдық көлікке де әсер етеді. Атап айтқанда, №62 және №38 автобус маршруттарында "Меңдіқұлов желекжолы" аялдамасында жолаушыларды мінгізу және түсіру уақытша тоқтатылады. Бұл аялдаманың жұмысы жөндеу аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.
Сонымен қатар №45 автобус маршрутының және басқа да бірқатар бағыттардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.
Қала билігі тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.