Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда магистральды көшелердің жарықтандыру жүйесі жаңартылды

Алматыда магистральды көшелердің жарықтандыру жүйесі жаңартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 13:24 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда негізгі магистральдардағы сыртқы жарықтандыру желілерінің 45 шақырымы жөнделді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, жөндеу барысында зақымдалған шамдар ауыстырылып, жаңа кабельдер тартылды.

"Тек қазан айында Достық, Рысқұлов, әл-Фараби даңғылында, сондай-ақ Керей-Жәнібек хандар, Бұқтырма, Майлин көшелерінде және ШААЖ-да 700-ге жуық істен шыққан шам ауыстырылды". Алматы қаласы әкімдігі

Сондай-ақ:

  • Әл-Фараби даңғылындағы тоннельдер мен көпірлерде 100% жарықтандыру қамтамасыз етілді;
  • 220 жаңа жарықдиодты прожектор орнатылды.
Алматыда магистральды көшелердің жарықтандыру жүйесі жаңартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 13:24

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері қалада 30 мыңнан астам жарық шам ауыстырылып, 300 шақырымнан астам кабель тартылды.

"Барлық жұмыс көшелер санатына сәйкес жарықтандыру стандартына сай орындалып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді",- делінген әкімдік ақпаратында.

Бұған дейін Алматыда "Медеу" БСК-ға дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделтіндігі хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: