Алматының Алатау ауданында жарықтандыру жүйесі толық жаңартылуда

Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту бағдарламасы қарқынды жалғасып келеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 09:35 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту бағдарламасы қарқынды жалғасып келеді.

Алатау ауданында бұрын жарық жеткіліксіз болған көшелер мен аумақтарда жарық желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

2024 жылы әзірленген жобалық-сметалық құжаттама жалпы 255 аумақты қамтиды. Оның ішінде көшелер, өткелдер және көпқабатты үйлердің аулалары бар.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары Боралдай, Мәдениет, Өжет, Теректі, Шапағат, Дархан–Байбесік, Алтын-алма, Томирис, Қарасу, Әйгерім-1,2, Шаңырақ-1,2, Ұлжан-1,2, Ақбұлақ, Зерделі, Самғау және Көкқайнар шағынаудандарында жүргізілуде.

Бүгінде 2 870 жарық бағаны мен 3 390 шам орнатылған. Жалпы жоба аясында 2 900 бағана мен 3 550 шам орнатылып, жарық желілерінің ұзындығы 93 шақырымға дейін жеткізілмек.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жоба толық жүзеге асқанда Алатау ауданы 100% жарықтандырылатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: