Жаңалықтар тізбегі
0

"Іске асырымды-ақ": қазақстандық әйел үш жылда пәтерге қалай қаражат жинағанын баяндайды

"Іске асырымды-ақ": қазақстандық әйел үш жылда пәтерге қалай қаражат жинағанын баяндайды , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 17:36 Сурет: Татьяна Дееваның жеке архиві
Кейбір отандастарымыз басында жеке пәтері жоқтығына шағымданып жүргенде, өзгелері үйлі болудың жолдарын тауып жатыр. Бүгін, Дүниежүзілік жинақтау күнінде Павлодар тұрғыны Zakon.kz сайтына үш жылдың ішінде қалай баспанаға қол жеткізгенін айтып берді.

Татьяна Деева өз шаңырағы болғанын баяғыдан бері армандап келген. Жеке шаршы метрлерге қол жеткізуге оған кездейсоқтық көмектескен екен.

"Мен қызметімді ауыстырып, өзіме жұмыс істей бастадым. Табысым өсіп, жинауға болатын қаражат пайда бола бастады. Осы арада әпкем бір кездегі өзі сияқты депозит ашуға кеңес берген болатын. Ал мен пәтер сатып алуды өте армандап жүрген едім", - деп еске алады сұхбаттасушы.

Сонымен ол қаражат жинақтауды көздеп, нарықты зерттей келе 2021 жылдың наурыз айында "Отбасы банкінің" бөлімшесіне келеді. Менеджер Татьянаға, оның ұлы мен анасының атына – үш шот ашады. Олар клиентке әр жылдың соңында депозиттерге мемлекеттік сыйлықақы есептелетінін, ал болашақта жинақ шоттарында осы сомаларды біріктіруге болатынын түсіндіріп береді.

"Іске асырымды-ақ": қазақстандық әйел үш жылда пәтерге қалай қаражат жинағанын баяндайды , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 17:36

Сурет: Татьяна Дееваның жеке архиві

"Банктің талабы бойынша мен пәтер құнының 50%-ын жинақтауға тиіс едім,  ал қалғанына бар болғаны 3,5%-дан бастап (ЖТСМ 5,1%-дан бастап 6,9%-ға дейін) тұрғын үй несиесін алуым керек екен. Үш жылда қаражат жинақтап үлгеру үшін ай сайын қанша салып отыру қажеттігін маған есептеп берді. Мен алғым келген пәтер 13 миллион теңге тұратын – бір бөлмелі, бірақ жақсы жоспарланған, ас үйі үлкен, ескірмеген үйде еді. Үш жылда осы соманың жартысын жинақтап, үйлі болдым. Әрине, салым көлемі табысыма байланысты өзгеріп отырды. Міне, осылай, мақсатыма жеттім! Қуаныштан төбем көкке жеткені соншалықты, мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл менің тұңғыш пәтерім болатын, осылай арманым орындалды", - дейді әсерін жасыра алмаған Татьяна.

Дегенмен, павлодарлық іскер әйел мұнымен тоқтап қалуды ойламайды.  Алдағы уақытта тағы бір тұрғын үйдің иесі болу үшін жуырда жаңадан депозит ашуды жоспарлап отыр.

"Маған ұнады. Өз басым осы жолды жүріп өткеннен кейін басқаларға да Отбасы банкке баруға кеңес беремін. Таяуда ғана менің ақылыммен бір танысым депозит ашып, пәтер алуға қаражат жинақтауды бастады. Өйткені, мен мұны шын мәнінде, толық іске асыруға болатынын өз тәжірибеммен көрсеттім.  Отбасы банкке баруды – тамаша идея дер едім. Басқа банктерге қарағанда шарттары өте тиімді", - деп есептейді ол.

Осының нақты айғағы ретінде ол заем бойынша мардымсыз үстемақы төлегенін, ал жинақтау барысында мемлекеттік сыйлықақыға қоса банктің сыйақысы да депозитке қосылып отырғанын мысалға келтірді, осы туралы толығырақ баяндап берейік.

2024 жылдың соңына қарай ең жоғары мемлекеттік сыйлықақыны қалай алуға болады?

Қоныс тойын атап өткен Татьяна Деевадан да бөлек, Отбасы банктің өзі де редакциямен бірнеше лайфхакпен бөлісті.

Алдымен мемлекеттік сыйлықақы дегеніміз  – бұл азаматтарымызды мемлекет тарапынан қолдау шарасы екендігін түсіндіреміз. Бұл көмек тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне қатысушыларға көрсетіледі. Ал Қазақстанда дәл осы жүйені Отбасы банк жүзеге асырып отыр.

Әдеттегідей, банк салымшылары жинақтарын барынша көбейтуді көздеп, депозиттерді толықтыруда ең белсенділік танытатын кезең  – жылдың соңы, яғни күз және қыс айлары.

Бірақ, бұл пайда қаншалықты сезіледі?

"Мемлекеттік сыйлықақы 200 АЕК-тен аспайтын сома үшін 20% мөлшерінде есептеледі. 2024 жылы бұл 738 400 теңге болды. Егер клиент бұл қаражатты жыл бойы өз депозитінде жинаса немесе 2024 жылдың қорытындысы бойынша шотқа бір мезетте салса, ол ең жоғары сыйлықақы – 147 680 теңге алады. Мемлекеттен 20% көлемінде бонус алу үшін биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін депозитті толтыру қажет. Депозитті толтыру мерзімі маңызды емес. Яғни, салымшы салымды ай сайын, қаңтардан желтоқсанға дейінгі аралықта толықтыра алады немесе өзінің жинақ шотына нақты бір соманы бір-ақ салады. Тіпті жаңа клиент қазір депозит ашып, оны жыл соңына дейін толықтырса да, мемлекеттен сыйлықақы ала алады", - деп атап өтті банк.

Маңызды! Мемлекеттік сыйлықақы бір салымшының салымына есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің атыңыздан ашылған бірнеше шот болса да, жалғыз біреуіне ғана бонус күтесіз. Егер сіз өз атыңызға ғана емес, жақын адамдарыңызға да депозит ашып, толықтырып отырсаңыз, онда бұл жағдайда мемлекет әрбір депозитке "бонус" береді.

Тағы бір жәйт. Біз қордаланған сома туралы емес, бұрын сыйлықақыға ілінбей қалған соманың бір бөлігі туралы айтып отырмыз.

Жыл сайын биыл салынған жаңа жинақтар мен өткен жылы сыйлықақы берілмеген жинақтардың қалдығы есепке алынады.    беріледі (бұл 2023 жылы 200 АЕК). Демек, биылғы жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдың қалдығы 110 000 мың теңге мен 2024  жылы депозитте жинақталған жаңа сомаға мемлекеттік сыйақы есептелінеді.

Кей жағдайларда мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады. Атап айтқанда:

  • егер салымшы тұрғын үй құрылыс жинағын үш жылдан аз жинап, мерзімінен бұрын тұрғын үй құрылыс жинағы келісімшартын бұзса;
  • -егер салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамға берсе;
  • егер банк клиентінің жинақтау мерзімі үш жылдан кем депозиті болса, банктен несие алып, осы қарыз берілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде одан бас тартқаны туралы шешім қабылдаса.

"Отбасы банкінің" депозиттік базасы жыл сайын өсіп келеді және бұл халықтың тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне деген сеніміне куә бола алады.

"Қазіргі таңда банкте 2,7 миллионға жуық жинақ шоты ашылған. Жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақы мен 20% мемлекеттік сыйлықақыны ескергенде, депозиттер бойынша тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,4%-дан 14%-ға дейін (мемлекеттік сыйлықақыны қоса алғанда). Өткен жылдың соңында "Отбасы банкінің" 1 990 790 салымшысының шотына мемлекеттік сыйлықақы түсті. Оның ішінде әрбір төртінші салымшы ең жоғары мемлекеттік сыйлықақыға ие болды. Жинақ шоттары иелерінің жастары әртүрлі. Мәселен,  2023 жылдың соңында 240 мыңнан астам қазақстандық баланың жинақ шотына мемлекет сыйлықақысы түссе, ең қарт салымшы 89 жаста", - дейді банк өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ынталандырудан бөлек банктік ынталандырулар да бар. Бұл "Наурыз" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу барысында ұпай есептеу кезіндегі салмақты көрсеткіш. Жаңа іріктеу 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталмақ.

Сондай-ақ келесі жылдың басында "Ұмай" мен "Жасыл ипотека" бағдарламаларын іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл бағдарламаларға қатысу үшін сізде ең кемі 20% бастапқы жарна болуы керек. Ал өңірлерде "Ұмай" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін депозитте 15 % жинақ болса жеткілікті.

Басқа мақсат

Әрине, бәрі де тек өзі қалаған «шаршы метрлерге» ғана ақша жинай бермейді – кейбір қазақстандықтар, әсіресе жастар баспанасын жақсартуға емес, өздеріне инвестиция салғысы келеді. Ал банкте оларға қолайлы өнім бар  – бұл AQYL білім беру депозиті.

Депозит одан әрі ұзарту мүмкіндігімен үш немесе бес жылға ашылады. Бірінші жағдайда депозит мөлшерлемесі жылдық 12%-ды (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін), екіншісінде – 9,5%-ды (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін) құрайды.

Міндетті бастапқы жарна мөлшері – 3 АЕК немесе 2024 жылға 11 076 теңге. Әрі қарай ай сайынғы толықтыру мөлшерін салымшы дербес анықтайды.

Ал бұл жерде мемлекет те бейтарап қалмайды, азаматтардың білім алуға деген ұмтылысын қолдап,  жыл сайын жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек жандарға, көп балалы және мұқтаж отбасынан шыққан балаларға 7% көлемінде сыйақы тағайындайды, ал қалған азаматтарға – 5%. Айтқандай, бүгінгі таңда "Отбасы банкінде" 55 152 білім беру депозиті ашылған.

AQYL және басқа ұсыныстар туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: