Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын бұрынғы деңгейде сақтау жоспарлануда

Газ, газификация, газораспределительная станция, газовая инфраструктура, газопровод, подача газа , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 09:06 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрлігі "Тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, Энергетика министрлігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті көтерме бағасын бұрынғы деңгейде қайта бекітуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңге көлемінде белгіленген.

Құжат жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: