Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарлануда

Газ, газификация, газораспределительная станция, газовая инфраструктура, газопровод, подача газа , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 09:13 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрлігі "ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын 2025 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде тоннасына 51 932 теңге деңгейінде ұстап тұруды ұсынады.

Жоба 2025 жылдың 24 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасы ҚҚС-сыз тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге өскенін хабарлаған едік.

Бұйрық мерзімінің аяқталуына байланысты шекті көтерме бағаларды бұйрықпен қайта бекіту жоспарлануда, деп түсіндірді министрлік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: