AI-ARU - Сыр елінің би өнеріндегі серпіліс
Мәдениет саласындағы тың бастамалар нәтижесінде өңірімізде заманауи, эстрадалық би ансамблін құру туралы ұсыныс оң шешімін тауып, облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облыстық филармониясынан "AI-ARU" заманауи би ансамблі құрылды.
Ансамбльдің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері белгілі хореограф Замира Стықбаева, репетиторы – хореограф Шыңғыс Әкіжанов.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде ансамбль құрамына арнайы іріктелген талантты 20 биші қабылданып, тамыз айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Қазан айында екі концерттік костюм тігіліп берілді. Ансамбль заманауи модерн бағытындағы би қойылымдары, заманауи хореографиялық композициялар, мюзикл және әндерді бимен көркемдеу сынды жұмыстарды атқаратын болады. 25 қазан - Республика күніне орай өткен салтанатты шарада алғаш рет "Тек-Тамыр" атты би композициясын сахналап, көрермен қошеметіне бөленді.
Алдағы уақытта да ансамбльдің шығармашылық жұмыстары аймағымыздың мәдени дамуына тың серпіліс әкелмек.