Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмолада мас жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кеткен

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 21:12 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында мас күйдегі жүргізуші патрульдік полицияның қызметтік автокөлігіне қарсы бағытқа шығып, бірден бірнеше рет құқық бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға "Көкшетау – Омбы" автожолында тіркелді. Ақмола облысының тұрғыны мас күйде жол қозғалысы ережелерін бірден екі рет бұзды.

Патрульдік полиция взводының командирінің айтуынша, трассаның 14-шақырымында патрульде жүріп, қызметтік автокөлікке қарсы жолаққа шығып кеткен ВАЗ 2170 жеңіл көлігін байқайды. Тәртіп бұзушы трассада қауіпті қылықтар жасап, патрульдік полицияның тоқтау туралы белгісін елемей, қозғалысын жалғастырған. Дегенмен, патруль қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында құқық бұзушы сол жолда біраз уақыт өткен соң ұсталды.

Жүргізушінің жағдайы соншалықты ауыр болғаны анықталды: ол көліктен өздігінен әрең шыққан. Оның үстіне, бұл азамат ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған, яғни автокөлікті басқаруға құқығы жоқ.


Құқық бұзушы өз қылығын отбасындағы мәселелерімен түсіндіріп, жауапкершіліктен жалтармақ болғанымен, полиция қызметкерлері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы бойынша хаттама толтырды. Атап айтқанда, 608-баптың 6-бөлігі (Басқаруға құқығы жоқ адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы) және 596-баптың 3-бөлігі (Қарсы бағытқа шығып қозғалу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: