Алматыда алты күнде 81 мас жүргізуші ұсталды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 15:40 Фото: pexels
Алматыда алты күнде 81 мас жүргізуші және қарсы бағытқа шыққан 47 жүргізуші анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында өткізіліп жатқан республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Іс-шараның алғашқы алты күнінде полиция қызметкерлері 4 800-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтар да бар.

Атап айтқанда, 81 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылса, 47 жүргізуші қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай әрбір деректің артында адам өмірі тұрғанын еске салды. Өйткені дәл осындай өрескел құқық бұзушылықтар ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі болып тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: