Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 19:42 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2-3 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Дегенмен бұл шара кезінде көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі. Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі алматылықтарға үндеу жасады.

"Құрметті көлік иелері! Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады".  Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінініп және тұрғындарға маршрутты алдын ала реттеуді ескертті.

"Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізіледі".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: