Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
Сурет: pixabay
Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сенат отырысында мәлімдеді.
Қазір отандық зымыранды ғарышқа шығару мәселесі жан-жақты пысықталып жатыр.
Ведомство басшысы Қазақстан Жерді қашықтықтан зондтау үшін тағы үш жерсерік жасауға келісімшартқа қол қойғанын және оларды іске қосу 2027 жылға жоспарланғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript