Тоқаев Алжир Президентін құттықтады
Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2024 жылғы 1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абделмаджид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан басшысы бейбітшілік пен келісім қағидаттарын берік ұстанатын Алжирге одан әрі гүлдену тіледі.
"Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады", — деп жазылған құттықтау жеделхатында.
Бұған дейін Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жылу беру маусымына дайындық барысын дұрыс бақыламағаны үшін сөгіс жариялағаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript