Мемлекет басшысы Талғардағы жағдайдан кейін тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2024 жылғы 1 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күш құрылымдарының жаңадан тағайындалған шенеуніктерін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.
"Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді", делінген ресми хабарламада.
Тоқаев Бауыржан Әленовты 2024 жылғы 7 қазанда Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұған дейін ол Алматы облысының полиция департаментін басқарған.
19 қазанда Алматы облысы полиция департаментінің басшылығындағы кадрлық өзгерістер туралы белгілі болды. Аймақ полициясының басшылығына Мейрам Әбікеев келді. Далматовтың тағайындауы туралы 2024 жылдың 19 қазанында белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript