"Тұман, көктайғақ, қатты жел". Елімізде 2 қарашада ауа райы қандай болады

Ауа райы болжамы, 2 қараша, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 17:40 Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы сенбі, 2024 жылы 2 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпін алады, көктайғақ болады.

"Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің батысында қатты жаңбыр жауады, тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш тәулікке, 2024 жылғы 2-4 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, елімізде күн күрт суытады деп күтіледі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: