Жаңалықтар тізбегі
0

Жауын-шашын, көктайғақ, қатты жел: 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 23 қараша, 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 20:06 Сурет: pxhere
Синоптиктер 2023 жылы 23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, еліміздің басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық бөліктер әсер етеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, жаңбыр, қар жауады деп күтіледі.

"Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел екпін алады, солтүстік өңірлерде боран соғады деп болжанады. 

Бұған дейін синоптиктер 2023 жылы 23-25 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: