Астана, Алматы, Шымкент: 23-25 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы
Астана
23 қараша - аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанады. Түнде және күндіз ауа температурасы: 0...+ 2°С.
24 қараша - аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, қатты жел болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: 0...+2°С.
25 қараша - аспан бұлтты, түнде қар жауады, қатты жел соғады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: -2...-4°С.
Алматы
23 қараша - бұлтты, жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, тұман. Солтүстік-батыс жел 2-7 м/с. ауа температурасы түнде және күндіз +5 + 7°С.
24 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +8...+10°С.
25 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +10...+12°С.
Шымкент
23 қараша - аспан бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+ 4°С, күндіз: +8...+10°С.
24 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +13...+15°С.
25 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +13...+15°С.