Қар, жаңбыр, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 17 қараша, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 18:48 Сурет: unsplash
Синоптиктер 2023 жылы 17 қарашада, жұма күні еліміздегі ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және қатты жел болу ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

"Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, жалпы республикамыз бойынша тұман, қатты жел көрініс табатыны айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: