Жамбыл облысында қарындасын зорлап келген екінші күдікті ұсталды
Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында өз қарындасын жылдар бойы зорлап келді деген екінші күдікті ұсталды. Кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсетіп келген екі ағайындының бірі қашып кеткен. Ол Шу ауданы маңындағы шаруа қожалығында жасырынып жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін 13 жастағы қыздың алты жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылық көріп келгенін бала құқықтары жөніндегі уәкіл хабарлаған. Омбудсмен Динара Зәкиеваның сөзінше, қорлық көрген жеткіншек анасымен бірге әлеуметтік орталыққа жатқызылды. Қазір сұмдық жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
"Жедел-іздестіру жүргізіп, Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірінші күдікті ізін суытпай ұсталған болатын". Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript