Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2024 11:27 Сурет: Zakon.kz
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісі тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісін Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарының (таулы аймақтар) тұрғындары сезген, 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: