Ақтауда Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтауда Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2024 15:17 Сурет: Zakon.kz
Ақтауда Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асықты. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріе шақырды.

"Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді", – дейді ұландық сержант.

Осылайша, ұландық жауынгердің жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында апаттың ауыр зардабына жол берілмей, зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: