Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда автобус жүргізушілеріне жылдамдықты асырғаны үшін жаппай айыппұл салынды

Алматыда автобус жүргізушілеріне жылдамдықты асырғаны үшін жаппай айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 14:54 Сурет: Алматы прокуратурасы
Алматы прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасымен автобус иелерін айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқаманың күшін жоя отырып, негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартудың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы 17 сәуірде ІІМ бұйрығымен елді мекенде автобустар мен шағын автобустар үшін жылдамдық режимін сағатына 50 км дейін төмендету туралы құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

"2024 жылдың 29 шілдесінен бастап «Сергек» АБК камералары көрсетілген жылдамдықты асыруды тіркеуге қайта бапталды. Алайда жолдарда ақпараттық белгілер орнатылмаған.Бұл, аталған санаттағы көлік құралдарын жүргізушілерінің жылдамдық режимін бұзуына әкеп соқты.Нәтижесінде 5 000-нан астам автобус иелері айыппұл төлеу жөнінде заңсыз нұсқамалар алған".Алматы қаласы прокуратурасы 

Прокуратураның актілері бойынша айыппұл төлеу туралы нұсқаманың күші жойылды, 3102 кәсіпкерлік субъектісінің және 1995 азаматтың құқықтары қорғалды.

"Сонымен қатар айыппұл төлеу туралынұсқамамен келіспеген көлік құралдарының иелері оған жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе сотқа (ӘҚБтК-нің 43-1 және 44-1-тараулары) дербес шағымдануға құқылы екенін түсіндіреміз.Өз кезегінде орындалған нұсқамаларды, яғни 50% мөлшерінде ерікті түрде айыппұл төлеген (іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды деп есептеледі), жауапқа тартылған адамның, қорғаушының, өкілдің арызы бойынша мұндай шешім шығарған орган (ӘҚБтК-нің 47-тарауы) жаңадан ашылған мән-жәйлар бойынша ғана қайта қаралуы мүмкін".Алматы қаласы прокуратурасы 

Бұған дейін Алматыда биыл 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынатындығы хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: