Қазақстандық жылдамдықты асырғаны үшін салынған айыппұлды сот арқылы алып тастады
Фото: Zakon.kz
Істің мән-жайын 2025 жылғы 23 қыркүйек күні Түркістан облыстық соты мәлімдеді.
Белгілі болғандай, қалалық орталық аурухананың кардиохирургы У. 2025 жылдың 29 маусым күні асқынған инфаркт миокарда диагнозымен науқастың жүрегіне шұғыл түрде ота жасау үшін көлік тізгіндеп ауруханаға жол жүрген. Полиция қызметкерлері, У.-ның басқаруындағы көліктің алдыңғы әйнектеріне перде (шторка) орнатылғаны үшін тоқтатып, ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған.
Содан, полиция қызметкерлері У.-тың өзінің ауыр науқастың жүрегіне жедел ота жасауға асығып тұрғанын біліп, қызметтік автокөлікпен сүйемелдеп алып жүру туралы ұсыныс білдірген.
"У. ұсынысты қабылдап, нәтижесінде Майкотов көшесінде, автокөлікті белгіленген жылдамдықты асырып басқарғаны бойынша, автоматты режимде жұмыс істейтін камераға түсіп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған",- делінген ақпаратта.
Сот, іс құжаттарды зерттеп, шағымданушының, полиция қызметкерлерінің түсініктемелерін сонымен қатар У.-тың ота жасағандығы бойынша құжаттарды қарап, құқық бұзушының әрекетіне баға бере келе, У-дың тарапынан белгіленген жылдамдықты асырып көлік құралын басқару әрекеті өзге адамның өмiрiне, денсаулығына, тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн асақажеттiлiк жағдайында орын алған деп, ӘҚБтК-нің 37-бабын басшылыққа алып, 17 қыркүйек 2025 жылы сот қалуысымен:
"Түркістан қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күші жойып, іс жүргізуді тоқтатты".
Көлік әйнегінесіндегі пердеге салынған айыппұл У-мен ерікті түрде төленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.