Таразда қоқыс тастайтын алаңдар жаңартылып жатыр
Оның үстіне кейбір тұрғындардың құрылыс қалдықтарын бей-берекет лақтыра салуы да аталған мәселені одан сайын күрделендіре түсетін.
Тараз қаласының аумағын аралау барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осыған баса назар аударып, нақты тапсырма жүктеген болатын. Соған байланысты қала әкімдігі тарапынан арнайы пилоттық жоба қолға алынды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Аталмыш жоба аясында мердігер "Құрылыс-2015" ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, қоқыс алаңдарын бетон бағаналармен қоршау жұмыстары басталды.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Айталық, бүгінде Ұлбике ақын көшесі, №115, "Қаратау" шағын ауданы, №44, "Алатау шағын ауданы", №1,2 және Төле би, №48 мекенжайындағы қоқыс алаңдары толығымен жаңартылса, "Аса" шағын ауданы, №15, 15б, 16, 17, 24 тұрғын үйлері маңындағы алаңдар бірер күнде аяқталады. Қазіргі таңда мұнда алаңдардың айналасын асфальттау секілді бірлі-жарым жұмыстар ғана қалған. Осылайша, биыл жалпы саны 20 қоқыс алаңын жаңғырту жоспарлануда.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Қазір шаһардағы 3 281 қоқыс алаңында 1 540 контейнер орналасқан. Егер пилоттық жоба жыл аяғына дейін өз тиімділігін көрсетсе, келер жылы тағы 200 қоқыс алаңын жаңалап, бюджет есебінен қосымша 1 000-нан аса контейнер сатып алу көзделіп отыр.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Бұл өз кезегінде қала тазалығын сақтап қана қоймай, қоқыс салатын жәшіктерді көбейтіп, оны таситын көліктердің емін-еркін қатынауына да мүмкіндік береді.