Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда мопед жүргізушілерінің қатысуымен 150-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген

Дорожно-транспортное происшествие, ДТП, авария с мопедистом, ДТП с мопедом, мопед, мопедисты, столкновение с мопедом, сбитый мопедист, сбитый мопед, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 14:58 Фото: Zakon.kz
Мопедтер, скутерлер, электросамокаттар жылдың жылы мезгілінде, әсіресе жастар арасында көп қолданылады.

Дегенмен, жол қозғалысы ережелерін бәрі де толық біле бермегендіктен жолдардағы апатты жағдайлар мен қайғылы оқиғаға әкеледі.

Жыл басынан бері Атырауда мопед жүргізушілерінің қатысуымен 148 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 70 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 6 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ 1587 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 429 электро-көлік құралдары арнаулы тұраққа қойылды.

"Мопедті басқару кезінде қырағы болу, жылдамдық режимінің, жол белгілері мен таңбалардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ шлемсіз жүруге жол берілмей", – деді Атырау ҚПБ патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: