Қырылған итбалық саны 400-ден асты
Фото: unsplash
Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да 100-ден аса итбалықтың өлексесі табылды.
Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасынан өткен аптада — 289 өлі итбалық жиналды. Енді бүгін 121 өлексе анықталған.
Аймаққа Алматы қаласынан микробиология және вирусология институтының мамандары келіп, итбалықтардан сынамалар алуда.
Айта кетейік, құзырлы органдар су жануаларының неден қырылып жатқанын ресми түрде әлі жарияламады, деп жазады qazaqstan.tv.
Себебі, зерттеу қорытындылары шықпаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript