Қазақстанда қанша судья заңнаманы өрескел бұзғаны үшін жазаланды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 13:36 Фото: Zakon.kz
Жоғарғы Соттың судьясы Нұрия Сисенова 2024 жылғы 7 қарашада палатаның жалпы отырысында бірқатар статистиканы мәлімдеді. Соның ішінде, ол өз жұмысын сапасыз орындағаны үшін қанша судья жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, 2024 жылдың 9 айында нақты сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 21 судья жауапқа тартылған.

"Өткен жылдың осы кезеңінде барлығы 9 судья жазаланған болатын. 9 айда бұл көрсеткіш шамамен 2,5 есе өсті. 1 қазаннан бастап жаңа механизм жұмыс істейді және бәрі талданады. Өкінішке орай, бүгінгі күннің көрсеткіші осындай",- деді Сисенова.

Бұған дейін Орал қалалық сотының төрағасы пара алу кезінде ұсталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: