Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады

Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 17:34 Сурет: Zakon.kz
Республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында іздеуде жүрген Haval көлігі жүргізушісінің банкте өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат бойынша бірден іске кіріскен патрульдік полиция батальонының қызметкері бұл көлікті тоқтатты.

Белгілі болғандай, ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты. Ол кейінгі 9 айдан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен.

Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: