Түркістанда айыппұлы бойынша 4 млн теңге қарызы бар жүргізуші полицейлерден қашпақ болған

Полиция, айыппұл, борышкер, жүргізуші, Түркістан, қашу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 20:21 Сурет: Zakon.kz
Түркістан қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері BMW 750 автокөлігі жүргізушісінің төлемей жүрген 4 миллион теңгеге қарызы барын анықтады. Борышкер жүргізуші полициядан қашып, жасырынбақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция дерегінше, автокөлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып жасырынуға тырысты.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, айыппұл тұрағына орналастырды, ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: