Қазақстанда қос азаматтығы бар 375 адам анықталды
Полицияның мәліметінше, қос азаматтығы бар 375 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Мысалы, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, әуежайды пысықтау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 32 жастағы АҚШ азаматын анықтады.
Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әйел ҚР аумағына алдағы 5 жылда кіре алмайды. Ол Қазақстан Республикасынан шығарылды.
Алматы әуежайында да дәл осындай қос азаматтық бойынша құқық бұзушылық Ресей Федерациясының үш азаматынан анықталды. Сот қаулысымен олардың екеуі ҚР аумағынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылса, ал соңғысы 200 АЕК айыппұл арқалады.