Қостанай облысында гараж бен көлік өртенді

ТЖМ құтқарушылары гараждағы өртті сөндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 10:15 Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары гараждағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы Қарасу ауылында жеке тұрғын үй аумағында гараж бен жеңіл автокөлік жанды.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада сөндірді.


"Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің көрші құрылыстарына таралуына жол бермеді", - деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: