Қар, жаңбыр: "ҚазАвтожол" бірнеше өңірдегі көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Қар, жаңбыр: "ҚазАвтожол" бірнеше өңірдегі көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 13:04 Сурет: freepik
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 9 қарашада Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, ал Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақтан облыстарында қар жауады.

Компания сол себепті жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді өтінді.

"1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады"."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: