Семейдегі үш қабатты монша кешенінде өрт шықты

Семейдегі үш қабатты монша кешенінде өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 15:36 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Семейдегі Шугаев көшесінде жеке тұрған үш қабатты монша кешені өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар 132 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша өрт қазандықта шығып, екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына тараған.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды". Төтенше жағдайлар министрлігі


Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: