Қазақстанда тағы бірнеше республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектеледі

Қазақстанда тағы бірнеше республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2024 16:52 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы бүгін, 9 қарашада тағы бірнеше республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр: 

  • 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментеу-Шидерті" автожолының 16-200-шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына; 
  • 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Павлодар облысында республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментеу-Шидерті" автожолының 200-254-шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
  • 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Екатеринбургке) Алматы" автожолының 1292-1353-шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;

2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Қарағанды облысында:

  • "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автожолының 1353-1426-шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
  • "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автожолының 1426-1446-шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: