Астанада екі бағдар бойынша қала сыртына қатынайтын автобустар өз жұмысын уақытша тоқтатты

Автобус, Астана, қолайсыз ауа райы, жұмысын тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2024 11:56 Сурет: pixabay
Астанада ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын екі бағдардың автобустары жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation Systems мәліметінше, бұл уақытша шектеу қала маңына қатынайтын № 317 және 329 бағдардағы автобустарға қатысты:

"Қалған қала маңына қатынайтын автобустан өз жұмысын қалқысыз жалғастыруда. Қоғамдық көлік қозғалысына қатысты барлық өзгеріс туралы біздің Instagram-дағы парақшамыздан оқып-біле аласыздар".

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада 10 қарашада аспан бұлтты, қалың қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді, кей тұста 15-20, тіпті 23-28 метрге дейін жетеді. Бұған дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: