Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды
Цехтың жұмысымен Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында танысты.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехы Eurasia Special Machines (ESM) қазан айында іске қосылған болатын. Бұл жоба "Евразия СТ" компаниясының 3 млрд теңге инвестициясының арқасында жүзеге асырылып, 50 жұмыс орны ашылды.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина және т.б. техника өндіру жоспарланып отыр. "Алматы Тазалық" компаниясы қазірдің өзінде тротуар тазалауға арналған әмбебап машиналар мен жолдарды қысқы өңдеуге арналған жабдықтар сатып алды.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ерболат Досаев қала көшелерін тазалауға арналған заманауи техниканың маңыздылығын атап, осы саладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.