Түркістан облысының 80-нен астам тұрғыны қоғамдық орындарда кальян тұтынғаны үшін айыппұл арқалады
Сурет: unsplash
Түркістан облысында полиция кальян шеккен 82 тұрғынға шара қолданданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістандық полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейд жүргізді. Шара барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.
Нәтижесінде полицейлер қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.
"Мәселен, танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян шеккен жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматы полициясы кальян барларға жасалған ауқымды рейдтің қалай өткенін көрсетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript