ІІМ қызметкерлері ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz
Полиция қызметкерлері қалың қардың түсуімен балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлуге шақырды.
"Жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін",- делінген ведомство ақпаратында.
Сондай-ақ, балаларға келесі қағидаларды түсіндіру қажет екенін мәлімдеді:
- Тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
- Жолдың жанында ойнауға болмайды;
- Жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау.
"Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз. Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады",– деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Бұған дейін Абай облысының құтқарушыларының балаларға көмек қолын созғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript