Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ІІМ түлектер мен ата-аналарға тағы да үндеу жасады

ІІМ, үндеу, түлектер, ата-аналар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 17:10 Сурет: gov.kz
2024 жылдың 28 мамырында ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтың айтуынша, ескертулерге қарамастан, бірқатар өңірде мектеп түлектерінің қатысуымен құқық бұзушылықтар тіркелді:

  • Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында топтық жанжал орын алды. Полиция дереу бұл фактінің жолын кесті. Сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер жоқ.
  • Бұдан басқа, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында автокөлік кортеждерінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталды. Барлық кінәлі жүргізушілер мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


"Бұрын хабарланғандай, "соңғы қоңырау" кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр мектепке жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Барлығы 10 мыңға жуық полицей және 2,5 мың қызметтік көлік жұмылдырылды. Ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз". Шыңғыс Алекешев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: